Модрич жаңа клубты таңдады десе де болады – аты белгілі

Жартылай қорғаушы Лука Модрич

Жартылай қорғаушы Лука Модрич ағымдағы маусымның соңында «Реалдан» кетеді. Бұл туралы журналистер хабарлайды.

Дереккөз 38 жастағы хорватиялық жартылай қорғаушы американдық «Интер Майами» клубына ауысуға келіскенін айтады. Модред командаға жазда қосылуы мүмкін. Естеріңізге сала кетейік, қазір Майамиде Лионель Месси, Луис Суарес, Серхио Бускетс және Хорди Альба өнер көрсетуде.

Лука 2012 жылдың тамыз айынан бері «корольдік» клубтың намысын қорғап келеді. Екі тарап арасындағы қазіргі еңбек келісімшарты маусым айының соңында аяқталады. Ойыншының нарықтағы құны сегіз миллион еуроны құрайды.

Люка Модрич